Полиция қызметкерлері тарихи блиц тестілеуден өтті
Жас қызметкерлер кітап көрмесінің тұсаукесеріне қатысып қайтты,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы Полиция басқармасының жас қызметкерлері А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының акт залында қала жұртшылығы мен тарихшылардың қатысуымен Қазақ хандығының 555 жылдығына арналған «Қазақстанның тарихи ғұмырнамасы» атты кітап көрмесінің тұсаукесеріне қатысып қайтты.
Тарихшылардың қолдауымен ұйымдастырылған көрмеде қазақ мемлекеттілігінің тарихы жайлы кітаптар, зерттеулер мен ғылыми жұмыстар
келушілерге ұсынылды. Көрменің тұсаукесерінен соң жас полицейлер кездесу қонақтарымен бірге тарихи дәріс тыңдап, тарихи блиц тестілеуге және латын қарпінде тақырыптық диктантқа қатысты. Құқық қорғау органына жаңадан қабылданып жатқан жастар үшін бұл кездесудің танымдық мәні өте зор болды.