Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 6 593 адамнан қару сақтау шарттарын тексерді

Ақтөбе облысы бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2020 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 6 593 адамнан қару сақтау шарттарын тексерді.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 228 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтаудың – 18, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 151 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 59 дерек тіркелді.

Заңсыз айналымнан 19 бірлік қару алынды, оның ішінде ойық қару (бір), тегіс ұңғылы қару (14) және қолдан жасалған (бір), сондай-ақ үш бірлік электрошокер алынды. Барлығы 40 бірлік суық қару тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру