Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жылыжайдан жылу өлшегіш ұрлаған ақтөбелік ұсталды

Жылыжайдан жылу өлшегіш ұрлаған ақтөбелік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыркүйек айының ортасында Пригородный кентінде орналасқан жылыжай кешендерінің бірінің көшетінен 12 дана жылу өлшегіш ұрланған.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Пригородный кентінің 53 жастағы тұрғынын ұстады. Ұрланған құралдар тәркіленді.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру