Полиция қызметкерлері жалғызбасты зейнеткерге бақша отырғызуға көмектесті
Алматы қаласының полициясы 90 жастағы әжеге бақша жұмыстарымен көп көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырғызу маусымының басталуына байланысты полиция қызметкерлері жалғызбасты әжеге бақша отырғызуға көмектесті. Тәртіп сақшылары азық-түлік пен көшеттер әкелді. Зейнеткер бұған дейін инспекторларға егін егу үшін не қажет екенін анықтап айтқан.
«90 жастағы Надежда Гордеевна Семьянова, жасы үлкен болғанына қарамастан, бақша отырғызуды өз бетінше жасайды. Бірақ, биыл ол, буындарының ауыратынына шағымданды. Бұл туралы учаскелік инспектор жеке сөйлесу кезінде анықтады. Ол әріптестерімен ақылдасып, қарт әйелге өз көмегін ұсынды. 12 сағаттық ауысымнан кейін қызметкерлер демалудың орнына әжеге қонаққа барып, жеке үйінің аумағында көшет отырғызуға көмектесті. Біздің инспекторлар ағаш, көкөніс және гүл отырғызу тапсырмасын шебер орындады. Сонымен қатар, ежелгі ұлттық дәстүріміз «Асар» бойынша біз жақын арада Надежда Гордеевнаның үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарладық. Бұл біздің қызметкерлердің бастамасымен ұйымдастырылған алғашқы іс-шара емес. Жергілікті полиция инспекторларының жұмысының арқасында біз ауданды «бақылап отырамыз» және бұл соңғы қайырымдылық іс-шарасы емес екенін білеміз», – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.