Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 жасында майданға аттанған Масхап

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысы және Ішкі істер органдарының ардагері болған милиция майоры Масхап Түсіпбеков жайында Polisia.kz редакциясы материал ұсынады.


Масхап Түсіпбеков 1920 жылыдың 15 тамызында Қарағанды облысының Теректі ауылында дүниеге келген. Аталған ауылда ер жетіп есейгеннен кейін 1940 жылы Қарағандының Сталин аудандық әскери комиссариатынан отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Масхап Түсіпбеков әскер қатарында алдымен Ростов на Донудағы байланыс құралын қамтамасыз ететін кіші офицерлер мектебінде дәріс алады. Оны 1941 жылдың 22 маусымында аяқтайды. Міне осы кезде сұрапыл соғыс басталып 21 жастағы жігіт Отанын қорғау жолында қанды майданға аттанады.

“Мен 1941 жылы Ростов на Дондағы байланыс құралын қамтамасыз ететін офицерлер мектебін аяқтағаннан кейін бірден Ұлы Отан соғысына қатыстым. Бізге берілген тапсырма Мәскеудің Басштабына дереу тез арада жасырын түрде байланыс құралдарын орнату керек болды. Тапсырма алғаннан кейін қарамағымдағы 52 адаммен үш күн, үш түн ішінде берілген тапсырманы орындап, басшылыққа тапсырдым”, – деген еді қарт ардагер көзі тірісінде.

1941 жылдың соңы 1943 жылдар аралығында Сталиннің бұйрығымен Северный-Кавказ, Армавмир, Ново-Сібір, Геленджик қалаларында болып аталған жерлерде байланыс құралдарын жақсарту мақсатында аянбай тер төккен. Масхап Түсіпбеков Ұлы Отан соғысы жылдры кезінде өзінің еңбекорлығымен кәсіби шеберлігінің арқасында өзіне жүктелген міндеттермен соңына ерген сарбаздарды басқара білген. Елді есеңгіретіп, талайдың қанын су қылған сұрапыл соғыс жылдары кезеңінен сүрінбей өткен өрімдей жас жігіт 1945 жылы Мәскеудің қызыл алаңында Ұлы жеңіс шеруіне қатысқан.

“1945 жылы соғыс аяқталды деген хабады естігенде барлығымыз қуандық. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін Жеңіс шеруіне дайындық бір жарым айдай болды. 1945 жылдың 24 маусымында Жеңіс шеруіне бізді Мәскеу қаласына алып келді. Мен шекарашылар батальонымен бірге болдым. Сапта тұрған кезде маған бас қолбасшы Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланды. Әлі есімде сол күні аздаған ақ жауын жауып тұрды. Біз барлығымыз Нұр жауды, елге бейбітшілік орнады деп жас балаша бөркімізді аспанға атып қуандық”,-деп айтқаны әлі есімізде.

Ардагер 1947 жылы елге оралып, 1961 жылға дейін жауапты қызеттерде басшылық жасаған. Бойында күш жігері куаты бар ардагер 1961 жылы Ішкі істер органдарына жұмысқа тұрып, құрметті демалысқа шыққанша құқыққорғау саласында қызмет атқарған. Омырауы орденге толы қарт майдангер Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесінде Мәскеудің қызыл алаңында Жеңіс шеруіне екінші рет қатысты. Әттең, ажал айтып келмейді. Талай сыңдарлы жылдардан сүрүнбей өтіп, көлдең келген кесапатпен айықпас дерттен 96 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз, бұл күнді қазақтардың әлі талай буыны мерекелейтін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру