Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция WhatsApp-тағы жаңа алаяқтық схемасы туралы ескертеді

Полиция WhatsApp арқылы таралып жатқан алаяқтықтың жаңа түрінен сақ болуға шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскөйлер өзін “WhatsApp-тың қауіпсіздік орталығы” немесе “ресми тексеру қызметі” ретінде таныстырып, аккаунтқа қауіп төнгені туралы жалған хабарламалар жібереді. Онда пайдаланушылардан Start батырмасын басу немесе аккаунтты растау талап етіледі.

Мұндай хабарламалар белгісіз нөмірлерден жіберіледі. WhatsApp қызметі қауіпсіздікке қатысты ескертулерді жеке нөмірлер арқылы жолдамайды және пайдаланушылардан хабарлама арқылы аккаунтты растауды талап етпейді.

Алаяқтардың мақсаты – пайдаланушы аккаунтына қол жеткізу, растау кодтарын иемдену және жеке деректерді ұрлау.

Осыған байланысты азаматтарға күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу, растау кодтарын ешкімге бермеу, бейтаныс нөмірлерді бұғаттау және мұндай хабарламаларды дереу өшіру ұсынылады.

Полиция азаматтарды қырағылық танытып, интернет-алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру