Полиция Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіледі
Полиция Жамбыл облысының тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Шу қаласының 42 жастағы тұрғынының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды. Ол есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен ұсталды.
Жедел қызметкерлер ұсталған адамның үйін тексеру кезінде шөп қорасынан тыйым салынған заттардың жасырынған орнын тапты. 3 қап пен 1 пакеттің ішінде 28 келі 920 гр кептірілген марихуана, 980 гр гашиш сақталған. Сондай-ақ каннабисті ұнтақтауға арналған елек пен электрондық таразыны табылды.
– Бұл деректі анықтау көп мөлшердегі есірткінің таралуының алдын алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады, – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.