Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мен әскерилер алғыс хатпен марапатталды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысының Полиция департаментінде салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Департамент басшысы Жанарбек Бақтыбаев төтенше жағдай кезеңінде құқық тәртібін қамтамасыз етуде белсенділік танытқаны үшін полиция және әскери қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

Әлемде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды қабылдау қажеттілігіне орай облыс аумағына енгізілген карантин кезінде халықтың тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен полицей қатары аз емес.


Ерекше көзге түсіп, басшы алғысына бөленген төмендегідей қызметкерлерді атап айтуға болады. Олар:
Ақтау қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ишберген Мақсат Қуандықұлы; Ақтау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Насиров Ермек Берікович; Ақтау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Джалгасбаев Мақсат Серикбаевич; Ақтау қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Ноғаев Сакен Аристанович; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №75488 әскери бөлімінің взвод командирі лейтенант Нурымбетов Бакытжан Рахматуллаұлы; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №75488 әскери бөлімінің бөлімше командирі сержант Тайымбетов Ерболат Умбетович; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №75488 әскери бөлімінің қойма бастығы кіші сержант Тасмаганбетов Тимур Жасталапович.


Жанарбек Төлеубекұлы ел үшін қиын кезеңде ІІО қызметкерлері өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, ерекше режимде жұмыс істейтінін еске салды.

«Бүгін сіздерді марапаттай отырып, төтенше жағдай кезінде көрсеткен қайсарлығыңызды, батырлықтарыңызды атап өткім келеді. Өзінің қызметтік және азаматтық борышын адал орындаған барлық қызметкерлер алғыс пен марапаттауға лайық», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру