Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлығы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында 22 жастағы лейтенант-қыз басқарған полиция жасағы
ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауға 550-ден астам полицейлер және әскери қызметшілер түседі. Олардың құрамына облыстық және қалалық полиция аппараттарының қызметкерлері кіреді.

Интернациональный көшесінен Чайковскийге дейін Әуезов көшесіндегі кварталға №497 бағыт бақылау жүргізеді. Жасақ құрамында Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы Зарина Елубаева, қатардағы полицей Қайсар Ботпаев және Ұлттық ұланның Әскери институтының үш курсанты кешкі ауысымға түседі. Кешкі сағат 5 шамасында Бөкетов көшесіндегі дүкендердің бірінде қара Centurion велосипеді ұрланды деген бағдар келеді.

Зарина Елубаеваның айтуынша, олар Әуезов көшесінің бойындағы аулалардың бірінде сипаттамасы ұқсас велосипедті байқайды. Барлық тексеру іс-шаралары барысында бұл дүкеннің жанында ұрланған велосипед екені белгілі болды. Иесі өзінің мүлкін таныды. Шақырылған жедел-тергеу тобы аталған қылмысқа қатысты қажетті процессуалдық іс- әрекеттерін жалғастырды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел уәкілдер күдіктінінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Айдын Ақмағамбетов атап өткендей, велосипед ұрлығы патрульдеу жасағымен бірінші рет ашылып отырған жоқ.

 

“Зарина Елубаева – полиция офицері, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының түлегі. Жас қызметкер жауапкершілік пен еңбекқорлығымен ерекшеленеді”, – дейді Айдын Ақмағамбетов.

22 жастағы полиция қызметкері қырағылық полиция қызметкерінің басты қасиеттерінің бірі деп санайды. Бүгін ол тағы да өзінің сүйікті қаласын патрульдеуге түседі. Бұл ретте, полицейлер азаматтарды қымбат велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, қоғамдық орындарға барған кезде ұқыпты болуға, ал қалдырған жағдайда ұрлыққа қарсы жоғары сапалы тросты пайдалануға шақырады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру