Полиция жолаушыларды тасымалдаушылар қандай бұзушылықтарға жол беретінін айтты
СҚО-да полиция жолаушыларды тасымалдаушылар қандай бұзушылықтарға жол беретінін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Такси қызметін пайдалана отырып, жолаушы өзінің қауіпсіздігіне сенімді болуы тиіс. Осы мақсатта 15-17 қазан аралығында полицейлер «Тасымалдаушы» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.
Тәртіп сақшыларының назарында заңды тасымалдаушылар да, жолаушыларды тиісті рұқсатсыз тасымалдайтын заңнаманы бұзушылар да болды — облыс бойынша үш күн ішінде осындай 8 жағдай анықталды.
Петропавл қаласында патрульдік полицейлер жеке тасымалдаумен заңсыз айналысқан Cobalt автокөлігінің жүргізушісін анықтады, яғни жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ресми міндеттемелері болмаған.
Такси жүргізушілері тарапынан ЖПІШ кезінде барлығы 197 түрлі ЖҚЕ бұзушылық анықталды. Ең жиі кездесетіні — қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау, полиция 61 фактіні тіркеді. Сонымен қатар 51 жүргізуші басқару кезінде телефонды пайдаланған.
Сонымен қатар 22 тасымалдаушы маневр жасау ережелерін бұзған, 15-і міндетті сақтандыруды рәсімдемеген, 13-і техникалық тексеруден өтпеген автокөліктерде жолаушыларға қызмет көрсетіп келген.
Полиция барлық тасымалдаушыны заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға, жол-көлік оқиғаларына қауіп төндіретін бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.