Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция зияткерлік камералардың көмегімен халықаралық іздеуде жүрген адамды ұстады

Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алты жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті есірткіні заңсыз сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін 2019 жылдан бері іздеуде болған. Ол адамның бетін тану функциясы бар "FaceID" смарт камерасының көмегімен ұсталды.

Қазіргі уақытта полиция жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері іздеуде жүрген 22 қылмыскерді, оның ішінде халықаралық іздеуде жүрген 10 адамды қолға түсірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру