Полицияға өзінің тоналғаны туралы жалған ақпарат берген атыраулық жігіт айыппұл арқалады
Полицияға өзінің тоналғаны туралы жалған ақпарат берген атыраулық жігіт айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 ақпан күні сағат 15:10 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 арнасына 21 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, Авангард мөлтек ауданындағы үйлердің бірінің подъезінде белгісіз адамдар ұрып-соғып, 500 мың теңге ақшасын тартып алғаны жөнінде хабарлама қалдырған.
Мән-жайды анықтау кезінде қоңырау шалушының жалған хабарлама бергені анықталды. Ол өзінің жауабында танысына ашуланған себептен 102 операторы арқылы полиция қызметкерлерін шақыртқандығын айтып, өз кінәсін мойындаған.
21 жастағы жігітке қатысты ҚР-ның ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-бөлігімен (Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шықыру) әкімшілік хаттама жасақталып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 91 890 теңге айыппұл салынды.