Приозерск қаласының тұрғыны алаяқты ұстаған полицейлерге алғыс айтты
Приозерск қаласының тұрғыны алаяқты ұстаған полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяққа алданып қалған Приозерск қаласының тұрғыны Алма Берікбосынова қысқа уақытта қылмысты ашқан полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желілер арқылы ризашылығын білдірді.
– Бір ай бұрын мен интернеттегі алаяқтардың құрбаны болдым. Олар маған 152 мың теңге көлемінде зиян келтірді. Приозерск қаласының полиция бөліміне арыз жазып, көмек сұрадым. Полиция қылмысты 24 сағаттың ішінде ашып, ақшаны маған қайтарып берді. Мен Приозерск қаласының полиция бөлімінің бастығы Болат Рыспековке, аға тергеуші Бағдат Қайратуллаға, аға жедел уәкіл Әсет Байғазыұлына және полиция майоры Ұлан Бахтиярұлына алғыс айтамын. Осы адал полиция қызметкерлеріне қызметте сәттілік тілеймін. Олардың жұмыстары жемісті және сәтті болсын, – деп жазды ол.