Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Приозерск тұрғынын 5,5 млн теңгеге алдаған ресейлік қолға түсті

Приозерск тұрғынын 5,5 млн теңгеге алдаған ресейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 ақпанда Қарағанды ​​облысы Приозерск қаласының полиция бөліміне 63 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйел белгісіз біреу оның 5,5 млн теңге ақшасын ұрлап кеткенін айтқан.

Анықталғандай, белгісіз біреу құралдарды сатамыз деген желеумен пәтерге кіріп, үй иесінің назарын басқа жаққа аударып, жәшіктегі жинақ ақшаны ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Полицейлер күдіктінің Приозерск қаласынан қашып кеткен 46 жастағы Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады

4 наурызда Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрыны ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру