Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жұмысшы кәсіпорыннан металл құбырларды ұрлап кетті

Қарағандыда жұмысшы кәсіпорыннан металл құбырларды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 наурызда Қарағанды ​​қалалық ПБ Михайлов полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Белгісіз біреу металл құбырларды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 42 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті – 63 жастағы осы кәсіпорынның жұмысшысын анықтап, ұстады. Ол ұрланған құбырларды металл қабылдау пунктіне тапсыруды жоспарлағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру