Приозерскіде ұры тұрғын үйдің кіреберісінен велосипед ұрлап кетті
Приозерскіде ұры тұрғын үйдің кіреберісінен велосипед ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.8 сәуірде Қарағанды облысы Приозерск қаласының полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол көпқабатты үйдің кіреберісінен белгісіз біреу құны 57 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткенін хабарлады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 24 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай айғақ – велосипед алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.