Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі азаматтарға жаңа заң бойынша түсіндрме жұмыстары жүргізілді

Пробация есебіндегі азаматтарға жаңа заңның өзгертілген баптары бойынша түсіндірме берілді, – деп хабарлайды Poilisia.kz порталының тілшісі.
Бүгін Қызылорда қалалық пробация үйінде Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсанындағы «Қылмыстық, қылмыстық- процестік және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №292-VІ ҚР Заңы қабылдануына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс прокурорының орынбасары Әлібаев Талғат Айтбайұлының және ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлының қатысуымен жиын өтті.

Жиынға қалалық пробация қызметінің басшылығы мен қызметкерлері, пробация есебіндегі сотталғандар қатысты. Күн тәртібінде 2 сұрақ қаралды.Күн тәртібіндегі 1-ші сұрақ бойынша қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Сейталиев Серік қалалық пробация қызметінің 2019 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстарын баяндады. Ол өз баяндамасында Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінен 2019 жылдың 12 айында 1165 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған өткенін. Пробациялық бақылау белгіленген соталғандарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету бойынша ағымдағы жылдың 12 айында пробациялық бақылау қолданылған 1088 сотталғанға 1477 рет әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілген. Атап айтқанда, тегін медициналық көмек – 96 сотталғанға, психологиялық көмек-537 , құқықтық көмек- 515, жұмысқа орналасқандар-154, бұдан өзге жаңа кәсіпті 4 сотталған меңгерсе, 2 пробация есебіндегі азамат әлеуметтік жәрдемақы, 11 сотталғанға құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсетілгенін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа Заң бойынша ҚР ҚК 62- бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, қалалық пробация есебінде тұрған сотталғандардың жеке істері зерделеніп, ҚР ҚК-нің 62- бабы, 3-1 тармағы бойынша 62 сотталғанның істері сәйкестендіруге жататындығы анықталып, сотқа іс- құжаттары дайындалу үстінде екендігін айтты.

Облыс прокурорының орынбасары Әлібаев Талғат Айтбайұлы пробация есебіндегі азаматтарға жаңа Заңмен ҚР Қылмыстық кодексінің, Қылмыстық- атқару кодексінің , Қылмыстық- процестік кодексі,ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің өзгертілген баптары бойынша түсіндірме берді. Жаңа заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларда 15 түрлі қылмыс ауыр санаттағы қылмыстар құрамына енгізілді. Оның ішінде масаң күйде жол көлік оқиғасын жасаған азаматтар өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылатынын, заңсыз аң аулау, мал ұрлығы бойынша жазаның ауырлағанын түсіндіріп өтті. Жиын соңында пробация есебіндегі азаматтар жаза мерзімдерінің есептелуі тұрғысында сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру