Пробация есебіндегі жасөспірімдерге сыйлық таратты
Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық пробация қызметі пробация есебінде тұратын сегіз жасөспірімді мерекесімен құттықтады.
Пробация қызметкерлері, "Ел-Арай" қоғамдық қоры, "Ашық азаматтық қоғам" ақпараттық ресустық орталығы мамандары балаларға азық-түлік себеттерін таратып, киім-кешек, оқу құралдарын табыстады.
Жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың ата-аналары пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.