Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация есебіндегі жасөспірімдерге сыйлық таратты

Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық пробация қызметі  пробация есебінде тұратын сегіз жасөспірімді мерекесімен құттықтады.

Пробация қызметкерлері, “Ел-Арай” қоғамдық қоры, “Ашық азаматтық қоғам” ақпараттық ресустық орталығы мамандары балаларға азық-түлік себеттерін таратып, киім-кешек, оқу құралдарын табыстады.

Жомарт жандардың арқасында қуанышқа бөленген балалардың ата-аналары  пробация қызметкерлері мен ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру