Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға бос орындар жәрмеңкесі өтті

Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыз жүрген халыққа, онын ішінде бас бостандығынан айыру мекемелерден босатылғандарға, сонымен қатар пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға бос орындар жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәрмеңкеге қатысушылар жұмыс берушілермен сұхбаттасты, сондай-ақ әлеуметтік қорғаушаралары туралы қызығушылық танытты. Қатысушыларға ннфраструктуралық жобалар, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы ақпарат берілді.

Нәтижесінде пробация қызметі есебіндегі 2 адам Канонерка ауылында көше жарығын абаттандыру бойынша жұмыстарына және Бескарағай ауылының мектеп құрлысына жұмысқа
алынды.

Жәрмеңкенің барлық қатысушылары жұмысқа орналасуға жолдама алды. Жәрмеңкеде қандай да бір себептермен өздері үшін жұмыс таба алмағандар да сол сияқты кетпеді, халықты жұмыспен қамту орталығының сарапшылары оларға кеңес беріп, үкіметтің жұмыспен қамтуды дамыту аясында қандай шараларды қолданатынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру