Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жазасын өтеушілерге психологиялық тренинг өтті

Қызылорда облысында жазасын өтеушілерге психологиялық тренинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде сотталған азаматтармен тұрақты түрде психологиялық тренингтер өткізіледі. Бүгін №37 мекемесінің психологы Ақгүл Аманваның ұйымдастыруымен осы мекемедегі сотталғандар арасында тренинг өтті. Тренингке ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесінің аға психологы А. Мырзалы мен №68 мекемесінің психологы Ш.Кульбаева қатысып, жазасын өтеуші азаматтарға психологиялық жаттығулар жүргізіп, сауалдарына жауап берді.

Аталған шараның мақсаты – сотталғандарға психологиялық көмек көрсету, серпіліс беру, ойын, мақсатын, қоғамға көзқарасын анықтап, дұрыс бақыт-бағдар беру. Алдымен мекеме психологы А.Аманова қатысушы сотталғандармен сергіту жаттығуын жасатып, тренингті одан әрі жалғастырды. Сотталған азаматтарды екі топқа бөліп, “Жаңбыр, “Сандар”, “Тану” психологиялық жаттығуларын жүргізді.

Тренинг барысында жазасын өтеушілер белсенділік танытып, өз ойларын ашық айтып, пікір алмасты. Ойында қатысушылар бір-бірінен ой, қиял жүйріктігі, ойлап тапқыштығы, есте сақтау қабілеттері жағынан ерекшеленіп көзге түсті. Қатысушылар тренинг соңында бүгінгі шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру