«Пробация» жедел-алдын алу шарасы
Солтүстік Қазақстан облысында «Пробация» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған байланысты Айыртау ауданының пробация қызметі полицейлер есепте тұрған сотталғандарды жұмысы мен оқу орындарында тексереді.
Сотталғандармен, сондай-ақ оң жағынан оларға әсер етуі мүмкін олардың туыстарымен тәрбие-профилактикалық сипаттағы әңгімелесулер жүргізілетін болады. Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде сотталғанның нақты тұрғылықты жерінің тіркелген мекен-жайымен сәйкес
келуі тексеріледі. Қайта қылмысқа бейім адамдар анықталған кезде олар тәуекел тобына енгізіледі.
Әлеуметтік-құқықтық көмекке мұқтаж сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі. Сот үкімі бойынша жазаны өтеудің құқықтары мен міндеттері, тәртібі мен шарттары қайтадан түсіндірілетін болады.