Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тәртіп сақшылары жолда қалған спортшыларға көмекке келді

ШҚО тәртіп сақшылары жолда қалған спортшыларға көмекке келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 ақпанда сағат 23:35 шамасында екі полиция қызметкері – Тілеужан Лепесов пен  Бекзат Мұхамеджанов патрульдеу кезінде жолда тұрған автобусты көрген, салонда 15 адам болған, оның ішінде бес бала және 15 ит бар екені анықталды.

Жолаушылардың айтуынша, олар Семей қаласынан Алматы қаласына шанаға ит жегу жарысынан қайтып бара жатқан. Түнде иттерді тамақтандыратын уақыт кезінде салондағы жарық сөніп қалған. Спортшылар жүргізушілерден жарықты қосуды сұраған, алайда жүргізушілер автобустың регенераторының істен шыққанын айтқан.

Жағдаймен танысқан тәртіп сақшылары алдымен әйелдер мен балаларды эвакуациялау үшін ТЖД қызметкерлерін шақыруды ұсынған, бірақ жолаушылар жүргізушілердің өздері көлікті жөндей алатынына үміттеніп, оларға уақыт беруді сұраған. Ер адамдар автобустың бүйір бөлігінен шығатын блоктағы мәселені шешуге тырысып жатқанда, полицейлер патрульдік машинаның жарқылдауық маяктары арқылы басқа көліктер қараңғы жерде автобусқа тиіп кетпеуі үшін оларды жауып тастаған.

Біраз уақыттан кейін, енді күтуге болмайтынын түсінген полиция қызметкерлері адамдардың бір жерде түнеп шығуы үшін ТЖД-дан көмек сұраған. Құтқарушылар оқиға орнына 30 минут ішінде келіп, әрі қарай Жаңаөзен ауылындағы санаторийлердің біріне орналастыру үшін 11 адамды алып кеткен. Ұйықтауға арналған қаптармен жабдықталған төрт жолаушы автобустің ішінде иттермен бірге автоэлектриктің келуін күту үшін қалған.

– Көлігіміз тоқтап, жолда қалып қалған кезде, дер уақытында келіп, көмек қолын созған полиция және ТЖД –ның қызметкерлеріне рақмет!, – деп спортшылардың атынан Маргарита Гатиева жылы лебізі мен алғысын жеткізді.

Келесі күні түске таман автобусты жөндеп, жүргізушілер мен спортшылар сапарларын  жалғастырған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру