Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Профилактикалық бақылау — қауіпсіздік кепілі

Қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сенбі, жексенбі күндері Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағында бір нүктелік рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев арнайы қатысты. Сондай-ақ шараға жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, патрульдік полиция мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы саны 8 бақылау бекеті қойылып, күшейтілген қызмет тәртібі енгізілді.

Шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді. Сонымен қатар демалыс аймақтарына келушілерге түнгі тыныштықты сақтау маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, аудан аумағындағы дүкендер мен ойын-сауық орындарында жасөспірімдерге темекі мен алкоголь өнімдердің сатылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық шаралар өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру