Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайырымдылық шарасы Шардарада жалғасты

Түркістан облысының полиция қызметкерлері шардаралық отбасыға азық-түлік апарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Біз біргеміз» акциясы Шардара ауданында жалғасын тапты. Қасиетті Рамазан айында полиция қызметкерлері 10 отбасыға азық-түлік таратты. Азық-түлік себеті күнделікті қажетті, тұтынатын заттармен қамтылған. Өздерінің қиын да қауіпті жұмыстарынан бөлек уақыт тауып, осындай шараларда бой көтеріп жүрген полицейлерге жұрт ризашылығын білдіртті. Игі іске ұйытқы болған
жандарға көмек алушы отбасылардың мүшелері алғыстарын жеткізді.

– Полиция қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп алғыс айтамыз. Қиын кезде көмек берген, әрі қоғамдағы тыныштықты сақтап жүрген жандардың еңбегіне табыс тілейміз, – дейді көмек алушылар.

«Біз біргеміз» акциясы аясында атқарылатын жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру