Қызмет барысында қайтыс болған полицейдің отбасы назарсыз қалмады
Жетісай аудандық Полиция басқармасы ЖПҚ патрульдік полиция тобының қызметкерлері қызмет барысында қайтыс болған Нұржан Алтынбековтың отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы ІІД ЖППП-де қызмет атқарып, қызмет бабында қайтыс болған Нұржан Алтынбековтың жұбайы Жетісай қаласының тұрғыны Меруерт Укиеваны мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен сыйлықтарды тарту етті.
Нұржан Алтынбеков 2007 жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін ОҚО ІІД Жол полициясы басқармасы жеке батальон қызметінің аға инспекторы лауазымын қызметін атқарған. 2007 жылдың 14-қырқүйек күні күнделікті жол бойында қызметін атқарып тұрғанда, мас халде көлік басқарған жүргізуші қағып кетеді. Жол-апаты салдарынан алған жарақатынан соң, Нұржан қайтыс болды.
Ойда-жоқта отбасының асыраушысы, жұбайынан айырылған Меруерт Укиева, күйеуінің шаңырағының отын сөндірмей, отбасын сақтап, жолдасы Нұржан Алтынбековтың артында қалған үш ұл мен екі қызын тәрбиелеп, үлгілі ана атанып отыр.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары Меруерт Укиеваға гүл шоқтары мен сыйлықтар беріп, әсерлі естеліктерімен бөлісті.