Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қала тұрғының заттарын тонап жүрген күдіктілер анықталды

Петропавл қаласында орын алған бірнеше ұрлықтың ізін суытпай ашты, қазіргі таңда тергеу жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Тонауды ашу СҚО полиция басшылығының ерекше бақылауында тұр. Өткен аптада Петропавлдық тәртіп сақшылары үш қылмысты ашты. Олардың екеуі – «ізін суытпай» дер кезінде анықталды, екеуі 12 сағат айырмашылықпен бір адамның әрекетімен жасалған. 2014 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 18: 00-де Алтынсарин көшесінде 61 жастағы қала тұрғын такси шақырмақшы болып ұялы телефонын қалтасынан ала бергенде белгісіз біреулер құны 25 мың теңге тұратын Nokia ұялы телефонын қолынан жұлып алған.

Қылмыс үстінде куәгер болған,шабуылшыны бақылап үлгерген және «102» арнасына қоңырау шалды. Алынған бағдардың арқасында Петропавл қалалық  ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні 10 минуттан кейін ұстады. Ол 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тағы бір тонау оқиғасы  дүйсенбі күні таңертең болды. Таңғы сағат 05:30-да дүңгіршектердің бірінің 57 жасар сатушысы оны алмастыратын сатушы келді деп ойлап, есік қағылған бойы, ашқан. Табалдырықта алкогольдік ішімдік ішкен бейтаныс ер адам тұрды. Ол дүкеннен 15 қорап темекі және 37 700 теңгені кассадан алып кеткен.Әйел полицияға қоңырау шалып, қаскөйдің белгілерін хабарлады. Шабуыл фактісі бойынша полицияның кешенді күштері бағытталып, бұрын бірнеше рет сотталған Петропавл қаласының 1991 жылы туған тұрғыны ұсталды. Ол мас күйінде болғаны анықталды.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 191 – бабының 2-бөлігі (Қызметтік үй-жайға кіру арқылы тонау) бойынша тіркелді. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Егер сіз тонаушылардың құрбаны болсаңыз, қарсылық көрсетпеуіңіз керек, шабуылшының белгілерін есте сақтаңыз және оқиға туралы полицияға тез арада хабарлаңыз, — дейді Петропавл қалалық  ІІБ басшысы Жандос Мұхатов.- Күдіктіні «ізін суытпай» ұстау мүмкін болмаса да,қылмысты ашу жұмыстары тоқтатылмайды.Жедел уәкілдер куәгерлік айғақтарды мұқият тексереді, заттай дәлелдемелерді, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделейді, криминалистер мен басқа да қызметкерлердің көмегімен оқиға көрінісін қалпына келтіреді, күдіктілер тобын белгілейді».

Мысалы, өткен аптада 1937 жылы туған қала тұрғынын тонау оқиғасы ашылды, қаңтар айының басында сағат 10-дар шамасында Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында пакетті тұрғынның қолдан ұрлап кеткен. Онда 5 мың 700 теңге сомасында зат болған. Жедел уәкілдердің қажырлы жұмысының нәтижесінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 29 жасар қала тұрғыны қолға түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру