Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде интернет-алаяқтардың әрекеті азаяр емес

Облыс аумағында алаяқтардың әлеуметтік желі арқылы жасалатын құйтырқы әрекеттеріне тұрғындар алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның бірнеше мәрте жасалған ескертулеріне қарамастан, азаматтар алаяқтардың арбауына әлі түсіп жатыр.

Мысалы, белгісіз тұлға “WhatsАpp” мессенджерінде хат жазысу арқылы “Ауди-100” автокөлігін сату сылтауымен, 25 жастағы ақтөбелікке тиесілі 527 теңге ақшасын жымқырды.

Басқа жағдайда Қостанай қаласының тұрғыны алдап 26 жастағы ақтөбеліктің атына шағын несие ұйымдарында несие ресімдеген. Шығын-520 мың теңгені құрады. Мойындау көрсеткіштері бар.

Барлық фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті интернет-алаяқтықтың құрбаны болмас үшін күмәнді мәмілелерден бас тартып, тауарды немесе қызметті алдын ала төлеуге келіспеу керектігін ескертеді.  Бейтаныс тұлғаларға жасырын төлем жүйелері арқылы ақша аударағанда, ақшаның қайту кепілдігі жоқ екендігін есте сақтаңыз. Ұқсас тауарлардың орташа құнын қараңыз. Тым төмен бағаға алданып қалмаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру