Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаңтар айында 460 жаяу жүргінші жол ережесін бұзды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бастап 460 жаяу жүргінші жол ережесін бұзды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысында 460 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Өткен жылмен салыстырғанда ереже бұзушылықтар саны айтарлықтай азайды.Ал 2019 жылы 725 Солтүстік Қазақстан тұрғыны  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша («Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына қатысушылардың қозғалыс ережесін бұзу») бойынша жауапкершілікке тартылды.

Дегенмен, жаяу жүргіншілердің тәртібін әлі де жоғары деп атауға болмайды.

«Іс жүзінде барлық оқиғаның себебі-жаяу жүргіншілердің жолдың белгіленбеген жерінен өтуі, — дейді СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аса маңызды тапсырмалары бойынша аға инспекторы полиция капитаны Азамат Жамуков.

– Бұл ретте жаяу жүргіншілер жақын келе жатқан көлікке назар аудармай, көлік жүретін жолды кесіп өтеді.Телефон құлаққаптарын тағып алады, соның салдарынан автомобильдің ескерту сигналын естімей қалады Жаяу жүргіншілерге автокөліктің тіпті қозғалыс жылдамдығы төмен болған жағдайда да, әсіресе қысқы мезгілде бірден тоқтай алмайтынын ұмытуға болмайды. Жол қозғалысы ережелерін бұзып, жаяу жүргіншілер тек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып қана қоймай, сонымен қатар өзі және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретінін ұмытпау керек».

Жаяу жүргінші жолағы болмаған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 3-тармақ 3-бөліміне сәйкес  көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлiк жүретiн бөлiктiң шетiне, екi жақтан да жақсы көрiнетiн жерден тiк бұрыш жасап жолды кесiп өтуге болады. Көлiк жүретiн бөлiктi елдi мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргiншiлерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесiп өтуге тыйым салынады.

Көп жағдайда жаяу жүргіншілер қозғалыс қарқындылығы жоғары жерлерде жол қауіпсіздік ережесін бұзады. Мысалы, Петропавл қаласында «Алтын арман» және «Тайга» базарына іргелес жатқан көшелердің учаскелерінде жол қозғалысы өте көп. Тәртіп бұзушылардың көбі жаяу жүргінші жолағының алыс орналасқанын сылтауратады. Ал,жаяу жүргіншілер жолағының орналасуы мемлекетаралық стандарттармен реттеледі. Олардың арасындағы қашықтық 200 метрден кем болмауы керек. Жаяу жүргіншілер жолағын дүкендердің, кәсіпорындардың есіктерінде, мектеп қақпаларында және тағы басқа жерлерде 40 метрден жақын орналастыруға болмайды.

Өткен жылы СҚО-да жаяу жүргіншілердің қатысуымен 31 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда 3 адам қаза тауып, 34 адам жараланды (кейбір жағдайларда автокөлік жүргізушілері мен жолаушылары зардап шеккен). 7 жағдайда жаяу жүргіншілер мас күйінде болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру