Қапшағай қаласында полицейлер асыл тұқымды бұзау ұрлығын ашты
Агрофирмадан қаскүнем шотландтық «қара ангус» тұқымды екі бұзауды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қапшағай қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне бір ЖШС өкілдері екі асыл тұқымды бұзауларының ұрлағаны туралы арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелгеннен кейін , жедел топ оқиға орнына жетті.
– Тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде күдікті – Талғар ауданының тұрғынын тауып, ұстады. Ол ұрлық жасағанын толық мойындап, осы ЖШС-де малшы болып бұрын жұмыс істегенін, кейін жұмыстан шығып кеткенін, бірақ сол жерде жұмыс істейтін ата-анасымен бірге көрші кентте Агрофирма аумағында уақытша тұратындығын жеткізген. Қылмыстық жолмен алынған ақшаға ол өзіне автокөлік сатып алуды жоспарлаған екен. Оның ақшасы болмағандықтан, көлік иесі оған асыл тұқымды бұзаулар үшін бөліп сатуға келіскен. Есептесу үшін, ол ұрлыққа бел байлаған. Күдікті өзінің жоспарын малшы болып жұмыс істейтін әкесі ауырып қалған кезде жүзеге асырған. Ол бұзауларды ұрлап, көлік сатушысына апарып берген, – деп хабарлайды Қапшағай полиция бөлімі бастығының м.а. Азамат Тұрғынбаев.
Шотландтық Black Angus «қара ангус» тұқымды бұзауларының ұрланғаны туралы иелері біршама уақыттан кейін ғана байқап, полицияға хабарлаған. Осы уақыт аралығында, ұрланған бұзаудың бірі тиісті күтім жасалмау салдарынан ауырып, өлген. Зардап шеккен адамға бір ғана жануар қайтарылды. Азаматтардың кеш жүгінгеніне қарамастан, криминалдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары қылмысты «ізін суытпай» ашты.