Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлығы ашылды

Ақтөбе облысында тұрғын үйлерден велосипед ұрлау деректері тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Велосипед ұрлығының алдын алу мақсатында ақтөбелік полицейлер көшедегі кез-келген патрульге барып, өз велосипедінің мәліметтерін енгізе алатын мәліметтер базасын жасады. Негізінен велосипедтер жұмыс күндері көп қабатты үйлердің баспалдақ алаңдарынан және жеке меншік үйлердің аулаларынан ұрланады, онда тұрғындар өздерінің велосипедтерін қараусыз қалдырады, өз мүліктерін сақтау бойынша тиісті шаралар қолданбайды. Ұрлықтан қорғаудың жалғыз кепілді әдісі – велосипедті қараусыз қалдырмау. Түрлі құлыптар мен дабылдар ұрлық жолында уақытша кедергі ғана болады.

14 шілде күні белгісіз адам Асау Барақ көшесіндегі үйдің ауласынан Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғынына тиесілі екі “Кама” және “Стеллс” велосипедін ұрлап кеткен. Шығын 45 мың теңгені құрады. Күдікті ұсталды, оған қатысты “ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат” бұлтартпау шарасы таңдалған.

14 шілдеде саяжай үйінің бірінің сарайынан құлыпты бұзу арқылы “Стэлс” маркалы екі велосипедті жасырын ұрлап кеткен. Күдікті қолға түсті, оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” бұлтартпау шарасы таңдалған.

Полиция департаменті ақтөбеліктерден өз меншігіне қатысты қырағы болуын, жеке мүлікті ұрлау фактілерін болдырмау үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануын сұрайды. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан велосипедтерді ұрлау фактілері тіркелуде, олар телефондармен және әмияндармен қатар қылмыстық қол сұғушылыққа бейім.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру