Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қапшағайда малшы қожайынының сарайын тонап кеткен

Алматы облысы Қапшағай қаласында малшы жарты жыл бойы өзіне сеніп тапсырылған сарайдан қойларды ұрлап келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Қапшағай қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 25 қойының ұрланғаны туралы айтып 43 жастағы тұрғын жүгінген. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.


Қабылданған шаралар нәтижесінде, полиция қызметкерлері Кербұлақ ауданының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің ұрлық жасағанын толық мойындады.


Күдікті малшы болып жұмыс істеп жүріп, былтыр қараша айынан бастап қожайынының қойларын ұрлай бастағандығы белгілі болды. Бүгінгі күні ұрланған қой саны 25-ке жеткен. Ол ұсақ партиялармен ұрлап, оның бір бөлігін сатып, ал бір бөлігін көрші шопандар арқылы басқа малға айырбастаған. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің алты бас малын тауып, қайтарды. Ал қалған мал басын күдіктінің өтеуі міндеттелді. Ұсталған ер адам мекен жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру