Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіби спортшылар Алматы ЖҚАЖ әйелдер взводында қызмет етеді

Олимпиада чемпиондары, кәсіби спортшылар Алматыда жылдам қимылдайтын арнайы жасақ әйелдер взводында қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қоғамдық тәртіпті қорғау және тәртіпсіздікті алдын алу үшін, оның ішінде халық көп жиналатын жерлерде ресми міндеттерді орындайды.


Былтыр ЖҚАЖ негізінде ерлер командасына әйелдер взводы қосылды, оған спорттық ортада танымал және халықаралық олимпиада да жетістіктері бар қыздар қызметке қабылданды.


Солардың бірі – бокстан спорт шеберіне үміткер, бокстан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогының иегері, Лондон-2012 Олимпиада ойындарының қатысушысы Саида Қасенова. Осы взвод құрылғаннан бері ЖҚАЖ-та қызмет етеді. Ол – бокс бойынша нұсқаушы, жаттықтырушы. Қызметкерлерге соққының техникасын үйретеді. Саида бұл қызмет қарапайым емес және жақсы физикалық дайындықты ғана емес, сонымен бірге жоғары кәсіпқойлықты қажет ететінін айтты.

– Спортшы қыздар үшін бұл өте ыңғайлы жұмыс. Өзің жақсы көретін нәрсені жасауға әрқашан мүмкіндік бар, – деді Саида Қасенова.

Дзюдо мен самбодан спорт шеберіне кандидат, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Қарашаш Есдаулетова өз қызметін осы жылдың басында бастады. Қарашаш бала кезінен спортпен айналысқанын, оның отбасы спортшылар екенін айтты. Ішкі істер органдарына қызметке ЖҚАЖ-та жаңа бөлім құрылғанын білген кезде кірген.

– Бұл балалық шағымның арманы еді. Қазіргі уақытта, карантин кезеңінде біз бақылау-өткізу пункттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудеміз. Бұл жерде біздің жұмысымызға барлық жағдай жасалған, – деді Карашаш Есдаулетова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру