Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айырылған ақтөбелік мас жүргізушілер саны азаяр емес

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында көлік құралын мас күйінде жүргізу құқығынан айырылған адамның басқаруы бойынша 70-тен астам факті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автокөлікті масаң күйде басқарудың кезекті фактісін ақтөбелік полиция қызметкерлері 18 сәуір күні Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында анықтады.

18 мамыр күні таңғы сағат 10:30-да Қандыағаш қаласы Есет батыр көшесінде 1954 жылы туған тұрғынның басқаруындағы ресейлік есепке алынған “Ваз-2107” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Ер адам аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жүргізуші ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-тармағын (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бұзған.

17 мамыр күні патрульдік полиция қызметкерлерімен жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізуші ұсталды.

Сағат 18:20-да патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Ауди А6” маркалы автокөлігін байқаған. Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан, алайда жүргізуші ізін суытпақшы болған кезде Марат Оспанов көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылының қиылысындағы басқа автокөлікпен соқтығысқан. Анықталғандай, 1988 жылы туған тұрғын мас күйде болған. Сонымен қатар, көлік салонында 12 мм калибрлі “ИЖ-27 ЕМ” маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен пышақ тәркіленді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

18 мамыр күні Ақтөбеде “Субару” автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған.

1970 жылы туған жүргізуші үйдің ауласындағы шлагбаумды қағып кетіп, одан кейін аулада тұрған автокөлікке соққан. Анықталғандай, ақтөбелік масаң күйде болған, сондай-ақ бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған. Жүргізуші уақытша қамау изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (көлік құралын мас күйінде жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша 70-тен астам факті анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда көлік құралдарын мас күйінде басқарған, көлік құралдарын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілерге қатысты жаза қатаңдатылды. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру