Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: Қар көшкінінен эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр

Қарлы бораң салдарынан Екатеринбург-Алматы республикалық тас жолында қалып қойған адамдар құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

19 ақпан 2020 жылы, сағат 11. 43 минут кеткенде азаматша Шрайманова Т.Б., Екатеринбург-Алматы республикалық автожолындағы қарлы бораңнан жүре алмай «Лада Веста» көлігі тоқтап қалды, оның ішінде екі ересек және екі бала бар деп телефонға хабарласты. Қар бұрқауынан өздігінен шыға алмауына байланысты шұғыл эвакуация қажет болды.

 

Аршалын ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бұл жағдайда шұғыл әрекет етті. Оқиға орнында қабылданған шаралар (2 адам, 1техника ) және шұғыл медициналық көмек қызметкерлері  Аршалы ауданының (3 адам, 1 техника), полиция қызметкерлері жұмылдырылды (3 адам.). Мүмкіндігінше қашықтыққа жетіп, эвакуация компания вагонына жаяу (1 км) апарылды. Одан әрі эвакуацияланушылар жақын аршалы елді мекеніне, туыстарына аман-есен жеткізілді.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, ауа-райының нашарлауына байланысты (төмен, қарлы боран, көріну нашар), сізден елді мекендерден тыс жерлерге шықпауыңызды сұраймыз.
Өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Жауап қалдыру