Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 127 келі балық аулаған браконьер ұсталды

Қарағанды облысында 127 келі балық аулаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысының полицейлері 300 метрлік торлары мен балықтары бар моторлы қайықта браконьерді ұстады.

Қарағанды облысының аумағында 15 сәуірден бастап «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Заңсыз балық аулау фактісін Қарағанды облысының ПД мен Балқаш қаласының Пб-нің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері анықтады.29 сәуірде сағат 05:00-де моторлы қайық Балқаш көлінің жағасында тұрғанын байқаған полиция қызметкерлері жағалауда балықшыны ұстады. Браконьерден 127 килограмм көксерке, көктерек, қарақұйрық секілді балық түрлері тәркіленді. Балықшының қайықта 300 метрлік торы болған. Табиғатқа келтірілген зиян – 656 мың теңге мөлшерінде.

32 жастағы Сарышаған тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Заңсыз балық аулау) бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру