Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қоғамдық орынға мас күйде келген екеу жауапқа тартылуда

Павлодар облысының тұрғындары қоғамдық орынға масаң күйінде екінші рет келгені үшін жазаланады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Май ауданының полицейлері мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптың екі бұзушылығын және қорғау нұсқамасының бір бұзушылығын анықтады.

Полиция 43 және 44 жастағы екі ер адамның қоғамдық орында мас күйінде болғанын анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтыру кезінде полицейлер бұған дейін соттың жүріс-тұрысқа ерекше талаптар қойғанын және екі адамға да алкогольді ішуге тыйым салынғанын анықтады.Учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы 2-бөлігі (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қозғады, материалдар сотқа қарау үшін жіберілді. Енді сот әкімшілік айыппұл салу немесе жеті тәулікке дейін қамауға алу туралы мәселені қарайтын болады.

Бұл бұзушылықтар “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Тек бірінші күні полиция 30 құқық бұзушылықты анықтады, 35 есепке алынған адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру