Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жыл басынан бері 400-ге жуық кәмелетке толмаған бала жауапқа тартылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жыл басынан бері 400-ге жуық кәмелетке толмаған бала әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Әл-Фараби ауданында орналасқан 47 білім беру мекемелері (мектеп, колледж, мектеп интернатында) білім алатын 55 мыңнан аса жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында жұмыс атқарады.

Жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың үш айында ұйымдастырылған профилактикалық іс-шаралар барысында түнгі уақытта (23:00-ден 06:00-ге дейін) тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 396 жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) әкімшілік жауапқа тартылған.

Кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және жергілікті әкімдік өкілдерімен бірлескен шаралар нәтижесінде аудан аумағында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың көрсеткіші бірнеше есе төмендеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру