Қарағанды академиясының курсанты полициядағы жұмысы туралы баяндады
Қарағанды академиясының курсанты полициядағы жұмысы туралы баяндады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалық арман, әлде саналы таңдау ма? Полицейлердің жұмысы туралы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 4 курс курсанты Шахноза Таджиева айтып өтті. Жыл сайын сақшылар туралы фильмдерден шабыт алған жүздеген қазақстандық балалар ҚР ІІМ қатарында қызмет атқаруға шешім қабылдайды. Солардың бірі – біздің кейіпкеріміз.
Шахноза Панфилов ауданының Жаркент қаласында туып-өскен. Полицей болу арманы оны ҚР ІІМ-ның Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына жетеледі.
– Қазіргі уақытта мен ҚР ІІМ академиясының 4 курс курсантымын және Панфилов АПБ-де диплом алдындағы тәжірибеден өтудемін. Бала кезімнен аңсаған арманым тергеуші болу. Мектепті аяқтағаннан кейін балалық арманыма сенуді жөн көрдім. Бұл жерде, әрине, мен көрген телехикаялар мен детективтік деректі фильмдер маңызды рөл атқарды, ол жерде тергеушінің ерекше ойлау қабілеті нәтижесінде күрделі қылмыстар ашылған. Бұл мамандықты таңдау себебім, қылмыстық істерді тергеп, әр кінәлі тұлға тиісті жазаға лайық деп есептеймін. Тергеуші тек моральдық жағынан ғана емес, дене-шынықтыру тұрғысынан да мықты болуы қажет, – деп атап өтті Ш.Таджиева.
Полицияда жұмыс істеу тек ақыл-ойды ғана емес, сонымен қатар дене-шынықтыру белсенділігін қажет ететінін түсініп, қыз бала әйелдер қауымына мүлдем тән емес спорт түрімен айналысты. Шахноза джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және грэмплингтен ҚР-ның спорт шебері. Алты дүркін Қазақстан чемпионы, Азия чемпионы, джиу-джитсудан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, грэмплингтен Қазақстанның абсолютті чемпионы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы – бұл оның жеңістері мен атақтарының барлық тізбесі емес.
– Теорияны үйрену және бәрін іс жүзінде сезіну – бұл мүлдем екі түрлі нәрсе. Үшінші апта болды мен тергеу жұмысының негіздерін тәжірибеде оқып жатырмын. Осы уақыт ішінде мен тергеуші кәсібінің құндылығын сезінгендеймін, себебі ол қылмыстарды ашып, ескертіп заң сақшысы болуда. Қылмыскер басқа құқық бұзушыларды ескеру мақсатында заң алдында жасаған әрекеттері үшін жауап беруі керек. Қылмыскердің кінәсін дәлелдеу және жәбірленушінің бұзылған құқығын қалпына келтіру – менің басты міндетім. Бір сөзбен айтқанда, тергеуші мамандығы – қоғам алдындағы жауапкершілік. Өйткені, адамның тағдыры тергеудің дұрыстығына байланысты. Мен өз кәсібімді жақсарту және түрлі қылмыстарды ашу үшін оқытудың барлық кезеңдерінен өтуге дайынмын. Әрине, қылмыстардың азаюын, сондай-ақ адамдардың заңға бағынғаның қалаймын, – деп қорытындылады Ш. Таджиева.