Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Экологиялық қауіпсіздік басты назарда

Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау – мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі.

ІІМ Экология және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бөліністерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтау және оның алдын алу бойынша рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ведомствосында бұл бағытта жұмысты ұйымдастыру табиғатты қорғау полициясына жүктелген. Тәртіп сақшылары тұрақты негізде жедел іс-шаралар ұйымдастырып, биоресурстарды заңсыз өндіретін адамдарды анықтайды.

Былтыр полиция осындай тоғыз іс-шара, яғни екі кезеңнен “Браконьер”, “Сайғақ” және “Бекіре”, сонымен қатар “Уылдырық шашу”, “Шырша” және “Тазалық” акцияларын өткізді. Нәтижесінде экология саласындағы бұзушылықтар үшін 13 мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 503 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру