Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облыстық ҚАЖД бастығы тағайындалды

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне Бекболат Шәкіров бастық болып тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бекболат Шәкіров Жезқазған облысының Ағадыр кентінде туған. 2001 жылы ҚР ӘдМ ҚАЖК Қостанай заң институтын «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылдан 1995 жылға дейін Қарулы күштер қатарында қызмет еткен. 1995 жылы құқық қорғау органдарына қызметке қабылданған. Осы сәттен бастап 1997 жылға дейін Жезқазған облысы Ағадыр ауданының ІІО жанындағы ЖБ милициясы взводының милиционері болып қызмет өткерген. Бұдан соң 1997-2000 жылдар аралығында ҚР ІІМ Қостанай заң институтында тыңдаушы болған. 2000-2010 жылдар аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай заң институтында ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысқан. 2010 жылдан Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымда болған. 2018 жылдан 2020 жылға дейін ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті басқармасының бастығы лауазымын атқарған. 2020 жылдан бүгінге дейін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары міндетін атқарған.

Қызметтік міндеттерін орындауда қол жеткізген табыстары үшін бірнеше рет ҚР ІІМ басшылығының марапаттауына ие болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру