Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ЖКО жасаған мас жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бәйдібек АПБ-ның полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Яғни, ауыл көшелерінің бірінде жол-көлік оқиғасы орын алған.

Белгілі болғандай, Opel Vectra көлігі қарсы жолаққа шығып, Ваз-21144 автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары Opel Vectra жүргізушісі көлікті мас күйінде басқаруы мүмкін деген тұжырымға келді. Бұл жайттың анық-қанығына жету үшін оған медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижесі бойынша жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеп, іс құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады.

Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру