Қарағанды облысы полициясының гарнизоны жұмыс өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті
16 наурыз күні Қарағанды қалалық полиция басқармасының плацында облыстық полиция департаменті гарнизонының жалпы саптық таратылымы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараны департамент бастығы Ерлан Файзуллин өткізді.
– Мәжіліс және маслихат депутаттарын сайлау, сондай-ақ Ұлыстың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамына байланысты 16-24 наурыз аралығында полиция қызметкерлері жұмыс атқарудың күшейтілген кестесіне көшірілді. Осы аралықта біздің басты міндетіміз – қоғамдық қауіпсіздікпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Қызмет атқару барысында азаматтардың конститутциялық құқықтарымен бостандықтарын сақтап, төтенше жағдайларға жол бермеуіміз қажет. Сонымен қатар жұмыс барысында азаматтармен ілтипатты қарым қатынас жасауда басты қағидамызға айналуы тиіс. Сіздерге жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деген сенімдемін, – деді Ерлан Файзуллин.
Таратылым барысында департамент бастығының бұйрығымен қызметте ерекше көзге түсіп, халықтың алғысына бөленген бірқатар тәртіп сақшылары марапатталды. Олардың арасында жақында қызметтік көлікте толғағы қысқан қала тұрғынын босандырып алған патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Медет Төлегенов пен Берік Кеңесов те бар. Дәрігерлердің айтуынша, полицейлердің сауатты әрі дереу қабылдаған іс-әрекеттерінің арқасында ана мен бала өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ.
Іс-шара соңы полиция қызметкерлерінің салтанатты шеруімен аяқталды.