Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда дәмханаға ұрлыққа түскен екі азамат ұсталды

Теміртауда дәмханаға ұрлыққа түскен екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына 32 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматша қаладағы дәмханалардың бірінде әкімші болып қызмет атқаратыны белгілі болды. Таңертеңгілік уақытта жұмысқа келгенде белгісіз біреулердің дәмхананың терезесін бұзып, ішінен ыдыс аяқ, жылыту құрылғысын, құрылыс материалдарын ұрлап кеткенін білген.

Келтірілген шығын көлемі 885 мың теңгені құраған.

Оқиға орнына тексеру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері ұрлықты жалғыз адам жасамағаны туралы болжамға келді. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру