Қарағанды облысы ҚАЖ Департаментінде 6 айдың қорытындысы шығарылды
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Бекболат Шәкіров алты айдың қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының м.а. Бекболат Шәкіровтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жедел кеңес өткізілді. ІІМ кеңейтілген Алқа отырысының шешімдерін іске асыру шеңберінде алдағы кезеңге арналған тапсырмалар мен міндеттер айтылды. 2022 жылға арналған жедел-қызметтік іс-әрекеттің негізгі көрсеткіштері және наразылық мәселелері бойынша қағидаттық баға берілді.
Қарағанды облысының аумағында 10 мекеме (онда төрт мыңнан астам сотталған және тергеу қамауындағылар ұсталады) және 22 пробация қызметі (олардың есебінде екі мыңнан астам адам тіркелген) жұмыс істейді.
«Мекемелерде жедел жағдайдың тұрақтылығына бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Тыйым салынған заттардың кіру арналарын жабу және анықтау бойынша шаралар қабылданады. Өткен кезеңде сегіз мыңнан астам тінту іс-шаралары өткізілді, олар бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Өндірісті дамыту және сотталғандар үшін жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдануда. 2022 жылдың алты айында бизнес-құрылымның қатысуымен мекемелердің тұрғын үй аймақтары аумағында ынтымақтастық қызметі аясында төрт кәсіпкерлік субъектісінің ашылуы ұйымдастырылды», – деп хабарлады Бекболат Шәкіров.
Жедел кеңес қорытындысы бойынша облыс мекемелері мен аумақтық пробация қызметтерінің қызметін жақсартуға бағытталған шаралар кешені қабылданды.