Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Атыраулық полицейлер мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау қаласы Полиция басқармасы әкімшілік полиция қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, саптық бөліністер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтауға қатысты жұмысты күшейтті. Соған орай 20 шілде күні кешкі 20:35 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Балықшы ықшам ауданында Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқанын байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізу кезінде 29 жастағы азаматтың мас күйде көлік тізгіндегені анықталды. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша аталған азаматтың жеңіл дәрежелі мас күйде екендігі белгілі болды.

Аталған факті бойынша 29 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Мұндай заң бұзушылық үшін 15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып, жеті жыл мерзімге жүргізушілік құқығынан айырылады. Ал қайталанған жағдайда қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру 8 жылға дейін өзгереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру