Қарағанды облысында 45 жастағы ер адам тұрғынның үйінен ноутбук ұрлап кетті
Қарағанды облысында 45 жастағы ер адам тұрғынның үйінен ноутбук ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 мамырда Қарағанды облысының Саран қаласының полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу пластикалық жақтауды ашу арқылы, бірінші қабатта орналасқан пәтерге кіріп, ноутбук ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын мөлшері 219 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
30 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 45 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат – жәбірленушінің ноутбугы алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.