Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткен алаяқ құрықталды

Шымкентте жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткен алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 31 мамырында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам жүргізуші куәлігін алып беремін деп, сеніміне кіріп, екінші дәрежелі банк қосымшасы арқылы алаяқтық жолмен 55 мың теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру