Қарағанды облысында ауыл тұрғыны сұлулық салонына ұрлыққа түсті
Қарағанды облысында ауыл тұрғыны сұлулық салонына ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 сәуір күні Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин атындағы ауылдың полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 26 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреудің сұлулық салонына кіріп, құрал-жабдықтарды: маникюр аппараты мен шаш түзеткішті ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 65 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
8 сәуірде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 30 жастағы ауыл тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұрланған затты өз мүддесіне пайдаланбақ болғанын айтып, кінәсін мойындады. Заттай айғақтар алынды.Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.