Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында КамАЗ-бен соқтығысқан көлік жүргізушісі көз жұмды

Павлодар облысында КамАЗ-бен соқтығысқан көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 сәуір сағат 23.25-те Павлодар-Қызылорда автожолының 113 шақырымда 2-сорғы станциясы жанында ВАЗ-21103 автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі бір бағытта келе жатқан КамАЗ-ға соқтығысты.

– Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ-21103 көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, бұл факті бойынша тексеріс өткізуде. Сараптама жасау жоспарланды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру